О внесении изменений в решение районного маслихата от 15 сентября 2015 года № 436-V «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Курмангазинскому району» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 436-V «Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 436-V «Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3321 санымен тіркелген, аудандық «Серпер» газетінде 2015 жылғы 5 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасындағы: реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: « 9 Емханалар 1 келіп кету 0,09 »; реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: « 12 Мейрамханалар, дәмханалар 1 отыратын орын 32,78 »; реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: « 13 Концерт залдары 1 отыратын орын 0,13 »; реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: « 15 Қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 0,77 »; реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: « 16 Спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,02 »;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Сұлтанияев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.