О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 15 июня 2015 года № А-6/274 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства» Күшін жойған
Басқа 0
«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4883 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ А-12/574 қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/274 қаулысымен
бекітілді
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі грантты беру туралы шарт (бұдан әрі - шарт) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсынудың нысаны: қағаз түрінде.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
Тармақ 4
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 5
5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы құжаттардың қабылдауын, олардың тіркелуін жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – басшысы өтінішті жолдау;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – жауапты орындаушыны анықтау;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, құжаттардың толық топтамасын қоса ұсыну арқылы конкурстық комиссияның (бұдан әрі – КК) және өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ӨҮК) отырыстарына қарау үшін көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарауға енгізеді – 37 жұмыс күні. Нәтижесі – КК және ӨҮК отырысына көрсетілетін қызметті алушы бағдарлама жобасын жіберу;
Тармақша 4
4) КК грант беру немесе бермеу туралы көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарайды. Нәтижесі – КК отырысының хаттамасы – 2 жұмыс күні.
Тармақша 5
5) ӨҮК КК отырысының хаттамасын және көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарайды, грант беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы шешiм қабылдайды. Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасы – 2 жұмыс күні.
Тармақша 6
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шарт дайындайды. Нәтижесі – шарт дайындау – 30 минут.
Тармақша 7
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шартпен танысады – 15 минут. Нәтижесі – шартқа қол қою;
Тармақша 8
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға грант беру туралы шартты береді – 20 минут.
Тарау 3. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
Тармақша 4
4) КК;
Тармақша 5
5) ӨҮК.
Тармақ 7
7. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы құжаттардың қабылдауын, олардың тіркелуін жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – басшылыққа өтінішті жолдау;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, құжаттардың толық топтамасын қоса ұсыну арқылы конкурстық комиссияның (бұдан әрі – КК) және өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ӨҮК) отырыстарына қарау үшін көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарауға енгізеді – 37 жұмыс күні. Нәтижесі – КК және ӨҮК отырысына көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын жіберу;
Тармақша 4
4) КК грант беру немесе бермеу туралы көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарайды. Нәтижесі – КК отырысының хаттамасы – 2 жұмыс күні.
Тармақша 5
5) ӨҮК КК отырысының хаттамасын және көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарайды, грант беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы шешiм қабылдайды. Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасы – 2 жұмыс күні.
Тармақша 6
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шарт дайындайды. Нәтижесі – шарт дайындау – 30 минут.
Тармақша 7
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шартпен танысады – 15 минут. Нәтижесі – шартқа қол қою;
Тармақша 8
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға грант беру туралы шартты береді – 20 минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет етудің тәртібін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Басқа 37. «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы
шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы