О внесении изменений в решение районного маслихата от 15 сентября 2015 года №436-V «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Курмангазинскому району» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі №436-V «Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі №358 қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі №436-V «Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3321 санымен тіркелген, аудандық «Серпер» үнжариясында 2015 жылғы 5 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілдегі шешімнің атауындағы, 1 тармағындағы және қосымшасының атауындағы: «пайда болу» деген сөздер «түзілу» деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі мәтінінің қосымшасының 9 жолындағы: «посещение» деген сөз «человек» деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі мәтінінің қосымшасының 12 жолындағы: «орын» деген сөз «отырғызылатын орын» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Р.Сұлтанияев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.