О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 15 августа 2016 года № 112-1464 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта» Күшін жойған
Басқа 0
«Дене шынықтыру және спорт
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін бекіту
туралы» Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 тамыздағы № 112-1464
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 112-1464 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1057 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйектегі «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтағы «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» деген сөздер «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтыға «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» деген сөздер «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 4
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.