«О внесении изменения в приказ Председателя Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 декабря 2016 года № 175 «Об утверждении положений бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлгі Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 475 бұйрығының 21- тармағының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілгі 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына (2016 жылғы 28 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 050016, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 2.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.