О внесении изменения в решение Мартукского районного маслихата от 15 июля 2016 года № 30 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәртөк аудандық мәслихатының «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5022 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында: 15 тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мәртөк аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.