О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 15 декабря 2016 года № 378 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 22 мамырдағы № 03/415 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4836 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 2 ақпанда «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы __________________ А. Кәрімов 2020 жылғы «____»______________
Басқа 8. Қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілетін карантин аймағы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымы № 197 қаулыға қосымша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 қаулысына қосымша Қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілетін карантин аймағы Аудандар, ауылдық округтер атауы Жер учаскесінің тиесілігі Зақымданған алқап, гектарда Глубокое ауданы Черемшанка «Черемшанка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 0,22 Аудан бойынша барлығы 0,22