О внесении изменения в постановление акимата Каратобинского района от 15 апреля 2016 года № 63 «Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Каратобинского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 63 «Қаратөбе ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 63 «Қаратөбе ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4351 тіркелген, 2016 жылы 6 мамырдағы «Қаратөбе өңірі» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қаратөбе ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидаларында: «2. Балаларды тасымалдау тәртібі» деген бөлімде: 2-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда мазмұндалсын: «2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық жай-күйі, жабдықтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 «Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс.».
Тармақ 2
2. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Есендосов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.