О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 15 марта 2016 года № 65 «Об установлении размеров должностного оклада, системы премирования и иного вознаграждения руководителя, его заместителей и главного бухгалтера медицинских организаций Западно-Казахстанской области, имеющих статус государственных коммунальных предприятий на праве хозяйственного ведения» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы №65 «Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерлерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы №65 «Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерлерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4308 тіркелген, 2016 жылы 31 наурызда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен белгіленген Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерлерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiндегі 4-тарау алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Қ.Аймұрзиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.