О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 февраля 2017 года № 102 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов на табачные изделия» Күшін жойған
Басқа 0
«Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14914 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларында:
1, 3 және 4 қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 1061
Бұйрығына
1-қосымша
Темекі өнімдеріне арналған
дербес сәйкестендірунөмір-
кодтарын беруқағидаларына
1-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметті алушылар атауы: ___________________________
Көрсетілетін қызметті алушылар жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушылар түрі (өндіруші және (немесе) импорттаушы): _____________________________________________________
№
Темекі өнімінің таңбасы
Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі және басқа темекі)
Қораптағы (орауыштағы) темекі өнімінің бірлік саны, (дана, грамм, миллилитр)
Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ)
1.
2.
...
Басшы _______________________________________ ________________
(Тегі, аты-жөні, әкесінің аты) (ол болған кезде) (қолы)
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 1061 Бұйрығына
2-қосымша
Темекі өнімдеріне арналған
дербес сәйкестендірунөмір-
кодтарын беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Р/с№
Өтінім берушінің атауы
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Өтінім берушінің заңды меке-жайы
Темекі өнімінің таңбасы
Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі және басқа темекі)
Қораптағы (орауыштағы) темекі өнімінің бірлік саны, (дана, грамм, миллилитр)
Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ)
Дербес сәйкестендіру нөмірлер--коды
1.
...
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 1061 Бұйрығына
3-қосымша
Темекі өнімдеріне арналған
дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) - темекі өнімдерінің өндіретін және (немесе) импорттайтын жеке және заңды тұлғаның коды.
Екінші фасет (екінші топ екі саннан) – тауарлар тобы (сүзгімен сигареттер – 01; сүзгісіз сигареттер – 02; папиростар – 03; сигаралар – 04; сигариллалар – 05; қыздырылатын темекісі бар бұйымдар – 06; қорқорға арналған темекі – 07; басқа темекі – 08).
Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – темекі өнімінің таңбасы.
Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) – қораптағы немесе бумадағы темекі өнімінің саны.