О внесении изменения в решение Хромтауского районного маслихата от 15 мая 2017 года № 120 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Хромтауском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5541 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімен айқындалған Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:
10 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.