О внесении дополнения в решение маслихата города Алматы от 15 сентября 2017 года № 147 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по городу Алматы» Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 147 «Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған
жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының
тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, VІІ сайланымның Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі№ 147 «Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1404 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қыркүйекте «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 18-жолмен толықтырылсын:
«
18.
Алматы қаласының жол трафигінің қауіпсіздігі мен талдауының зияткерлік жүйесі
Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы
».
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының стратегиялық жоспарлау, бюджет және тиімділік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Е. Білісбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.