О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 «Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15722 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларда: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Өтінім мыналарды қамтиды: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды қайта бекітуге берілген өтініштің түпнұсқасы; өтінім берушінің өтінім берушілерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгілік нысанға (бұдан әрі – Үлгілік нысан) сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарының (екі жылға арналған) түпнұсқасы; материалдық-техникалық құралдардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері; аңшылық шаруашылығы саласындағы мамандармен жасалған еңбек шарттарының және олардың дипломдарының көшірмелері; өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің өтінім берушінің банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемесінің барлық түрі бойынша уақыты өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы өтінім берілген күннің алдында отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген қағаз тасығышта қол қойылып, мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (өтінім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдарының немесе бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі); аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.