О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 «Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены» Күшін жойған
Басқа 0
«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15722 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін өтінім берушіге қайта бекітіп беру туралы шешім (қаулы) шығарады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.