Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 декабря 2017 года № 453 «Об утверждении положений территориальных органов Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»

Бұйрық · № 361 · қабылданған 15.08.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2017-no-453-ekb-124152/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 декабря 2017 года № 453 «Об утверждении положений территориальных органов Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 361 ·15.08.2018
04.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 декабря 2017 года № 453 «Об утверждении положений территориальных органов Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 361 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 декабря 2017 года № 453 «Об утверждении положений территориальных органов Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
361
Қабылданған күні
15.08.2018
Көрсетілген редакция
04.12.2018 124152_372688.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G18SI000361
ЭКБ идентификаторы
124152
Редакция идентификаторы
124152_372688
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:30

0 «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 453 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) байланыс және ақпараттандыру саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.».
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160011, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы, 35.
9. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

1 1) осы бұйрықтың қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әділет органдарында қайта тіркелуін;

2

2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы