О внесении дополнения в решение Кызылординского областногомаслихата от 15 фавраля 2017 года № 89 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по Кызылординской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Қызылорда облысы бойынша іске
асырылуы жоспарланатын жергілікті
мемлекеттік-жекешелік әріптестік
жобаларының тізбесін бекіту туралы»
Қызылорда облыстық мәслихатының
2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне
толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 11 наурызда облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«3. Қызылорда қаласы «Мерей» мөлтек ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2017-2027 жылдарға)».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.