О внесении изменений в решение маслихата от 15 марта 2018 года № 147 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Сарыкольского районного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 147 «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы № 147 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7677 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.