О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 февраля 2018 года № 197 «Об утверждении Правил назначения тематических и встречных проверок и вынесения решения о проведении хронометражного обследования» Күшін жойған
Басқа 0
«Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 16479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 142-бабы 5-тармағына, 143-бабының 2-тармағына және 144-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларында:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сәйкестендіру құрылғыларының және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қарсы салықтық тексерулерді мемлекеттік кірістер органдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 143-бабына сәйкес тағайындайды.»;
Мемлекеттік кірістер органы тақырыптық тексерулер тағайындау және хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу туралы шешім шығару үшін өлшемшарттарда:
2-тармақта:
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) есепке алу-бақылау маркалары және сәйкестендіру құрылғыларының болмауы, сондай-ақ әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша олардың сәйкес келмеуі;
7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болмауы және олардың сәйкес болмауы, сондай-ақ әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша лицензияның болмауы;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) «Салық кодексінің 47-тарауында белгіленген мерзімдерді бұза отырып, жазылған электрондық нысандағы шот-фактура;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.