О внесении изменений в решение маслихата от 15 марта 2018 года № 238 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Костанайского районного маслихата» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 238 «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы № 238 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде: 2-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі - НМИ) - мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;»; 41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады. Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»; 42-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.