О внесении изменений в постановление акимата города Риддера от 15 мая 2018 года № 369 «Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Риддера» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 369 «Риддер қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 369 «Риддер қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-174 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Риддер қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы»; көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «1. Риддер қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифі 130 (жүз отыз) теңге мөлшерінде белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Риддер қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Риддер қалалық мәслихаты