О внесении изменения в постановление акимата от 15 марта 2018 года № 656 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Костаная» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 «Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекетік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің «Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 қаулысына (2018 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7692 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Әкімдіктің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 576 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 656 қаулысына
қосымша
Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Тармақ 1
1. Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін Қостанай қаласының бюджетіне аудару нормативі былайша айқындалады:
таза кіріс 3 000 000 теңгеге
дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
таза кіріс 50 000 001 теңгеден
250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
таза кіріс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін 2019 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде анықталсын.