О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2019 года № 113 «О создании Государственного центра поддержки национального кино» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 4, 50-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қоғам жанынан осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамда Сараптама кеңесі (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) құрылсын.»; 5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; 2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесінің құрамы»; көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесі туралы ереженің тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесі туралы ереже»; «1. Осы Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесі туралы ереже Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.»; көрсетілген қаулыға 2-қосымшамен бекітілген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесінің құрамына мыналар енгiзiлсiн: Абзалбек Ғабит Мұхамеджанұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (келісу бойынша); Мухимов Абзал Сансызбаевич – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (келісу бойынша).
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.