О внесении изменений в постановление акимата района Тереңкөл от 15 апреля 2019 года № 118/2 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории района Тереңкөл» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 118/2 «Тереңкөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің «Тереңкөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 118/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 130784 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында: 19-жолдағы «Кооперативная» деген сөз «Әйтеке би» деген сөзімен ауыстырылсын; 29-жолдағы «Советов» деген сөз «Астана» деген сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы