О внесении изменений в решение Созакского районного маслихата от 15 ноября 2019 года № 274 «О корректировке базовых ставок земельного налога» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Созақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 274 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Созақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы №274 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5252 тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 тармағындағы Кодекстің 504 бабы алып тасталсын; көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 1 тармағында «жоғарылатылсын» сөзі «арттырылсын» сөзіне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Созақ аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жариялағаннан кейін осы шешімді Созақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.