О внесении изменений в постановление акимата Келесского района от 15 марта 2019 года № 84 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих исполнительных органов финансируемых из районного бюджета и административных государственных служащих аппарата акима Келесского района корпуса «Б» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Б» корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №84 «Б» корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4936 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 9 сәуірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 3 тармағына орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; көрсетілген қаулының қосымшасының 2 тармағының 1) және 2) тармақшаларына орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Келес ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Оразбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.