О внесении изменения и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 сентября 2020 года № 254 «Об установлении цен на товары (работы, услуги), производимые и реализуемые республиканскими государственными казенными предприятиями Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына, «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 810 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21214 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы бұйрыққа: 1) 1-қосымшаға сәйкес «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 2) 2-қосымшаға сәйкес «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 3) 3-қосымшаға сәйкес «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 4) 4-қосымшаға сәйкес «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 5) 5-қосымшаға сәйкес «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 6) 6-қосымшаға сәйкес «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 7) 7-қосымшаға сәйкес «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 8) 8-қосымшаға сәйкес «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 9) 9-қосымшаға сәйкес «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 10) 10-қосымшаға сәйкес «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 11) 11-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 12) 12-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 13) 13-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 14) 14-қосымшаға сәйкес «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 15) 15-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 16) 16-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 17) 17-қосымшаға сәйкес «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 18) 18-қосымшаға сәйкес «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 19) 19-қосымшаға сәйкес «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 20) 20-қосымшаға сәйкес «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 21) 21-қосымшаға сәйкес «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 22) 22-қосымшаға сәйкес «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 23) 23-қосымшаға сәйкес «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 24) 24-қосымшаға сәйкес «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 25) 25-қосымшаға сәйкес «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 26) 26-қосымшаға сәйкес «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық- музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 27) 27-қосымшаға сәйкес «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 28) 28-қосымшаға сәйкес «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 29) 29-қосымшаға сәйкес «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 30) 30-қосымшаға сәйкес «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 31) 31-қосымшаға сәйкес «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 32) 32-қосымшаға сәйкес «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 33) 33-қосымшаға сәйкес «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 34) 34-қосымшаға сәйкес «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 35) 35-қосымшаға сәйкес «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 36) 36-қосымшаға сәйкес «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгіленсін.»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 36-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар
2021 жылғы 16 сәуірдегі № 99 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығына 36-қосымша «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар Р/с № Та­у­ар (жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің) ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Өл­шем бір­лі­гі­нің тең­ге­ге шақ­қан­да­ғы құ­ны 1 Ағым­да­ғы ре­пер­ту­ар­дың үл­кен зал­да­ғы спек­такль­де­ріне кі­ру би­ле­ті: 1 би­лет 1) пар­тер­дің 1-2, 8-19 қа­тар­ла­ры 2 000 2) пар­тер­дің 3-7 қа­тар­ла­ры 2 500 3) бал­кон­ның 20-22 қа­тар­ла­ры 1 000 2 Үл­кен зал­да­ғы пре­мье­ра­лық спек­такліне кі­ру би­ле­ті: 1 би­лет 1) пар­тер­дің 1-7 қа­тар­ла­ры 3000 2) пар­тер­дің 8-19 қа­тар­ла­ры 2000 3) бал­кон­ның 20-22 қа­тар­ла­ры 1500 3 Кі­ші (ка­ме­ра­лық) зал­да өт­кі­зі­ле­тін спек­такль­дер мен ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ер­те­гі­лер­ге кі­ру би­ле­ті 1 би­лет 1 000 4 Жа­ңа жыл­дық қой­ы­лым­дар­ға кі­ру би­ле­ті 1 би­лет 2500 5 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өңір­ле­рі бой­ын­ша га­строль­дік қой­ы­лым­дар­ға кі­ру би­ле­ті: 1 би­лет 1) қа­ла­лық ел­ді ме­кен­дер­де 1 000 2) ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де 700 6 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өңір­ле­рі бой­ын­ша га­строль­дік спек­такль­дер­ге мек­теп жа­сын­да­ғы ба­ла­лар­ға (рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсын­ған кез­де) кі­ру би­ле­ті: 1 би­лет 1) қа­ла­лық ел­ді ме­кен­дер­де 700 2) ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де 500 7 Бір­лес­кен іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу үшін зал­ды (гри­мер­лік бөл­ме­ле­рін ұсы­на оты­рып) ұсы­ну бой­ын­ша қыз­мет­тер: 1 іс-ша­ра 1) үл­кен зал (дүй­сен­бі) 1 750 000 2) үл­кен зал (сей­сен­бі, сәр­сен­бі, бей­сен­бі) 2 275 000 3) үл­кен зал (жұ­ма, сен­бі, жек­сен­бі, ме­ре­ке­лік күн) 3 500 000 8 Бір­лес­кен іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу үшін ша­ғын (ка­ме­ра­лық) зал­ды жаб­дық­тар­мен (гри­мер­лік бөл­ме­ле­рін ұсы­на оты­рып) ұсы­ну бой­ын­ша қыз­мет­тер 1 іс-ша­ра 1 200 000 9 Бір­лес­кен іс-ша­ра­лар­ға ар­нал­ған ша­ғын (ка­ме­ра­лық) зал­ды жаб­дық­сыз ұсы­ну бой­ын­ша қыз­мет­тер 1 іс-ша­ра 1 000 000 10 Бір­лес­кен іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу үшін зал­ды жаб­дық­тар­мен ұсы­ну бой­ын­ша қыз­мет­тер: 1 са­ғат 1) үл­кен зал 450 000 2) ша­ғын (ка­ме­ра­лық) зал 200 000 11 Сахна­лық және қой­ы­лым­дық іс-ша­ра­лар­ды (спек­такль, фе­сти­валь, шы­ғар­ма­шы­лық кеш) бір­ле­сіп өт­кі­зу бой­ын­ша қыз­мет­те­рі, ұз­ақ­тығы: 1 іс-ша­ра 100 000 1) 1 са­ғат 100 000 2) 2-6 са­ғат 500 000 12 Бір­лес­кен іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу үшін фой­е­ні ұсы­ну бой­ын­ша қыз­мет­тер: 1 іс-ша­ра 1) 1 күн­тіз­бе­лік күн 1155000 2) 2-6 са­ғат 500 000 13 Бір­лес­кен іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу үшін дай­ын­дық за­лын ұсы­ну бой­ын­ша қыз­мет­тер 1 са­ғат 10 000 14 «Ак­тер­лік ше­бер­лік» дай­ын­дық кур­сы (кур­стың ұз­ақ­тығы - 1 са­ғат­тан 8 са­бақ) 1 тың­да­у­шы 15 000 Ескерту: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11964 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.