О внесении изменения в постановление акимата Карасуского района от 15 апреля 2020 года № 56 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Карасуского района от 15 апреля 2020 года № 56 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Қарасу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 56 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 06.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2025 207938_747470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25NM104001
- ЭКБ идентификаторы
- 207938
- Редакция идентификаторы
- 207938_747470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:43
0 Қарасу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 56 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарасу ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 56 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9131 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.».