О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 15 июня 2020 года № 75-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарысускому району» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 «Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер еңгізу туралы Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Сарысу аудандық мәслихатының «Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында: 10 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын; 22 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «22. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.