О внесении изменения в решение Сарысуского районного маслихата от 15 июня 2020 года № 75-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарысускому району» Күшін жойған
Басқа 0
Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 «Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» шешiмiне өзгеріс енгізу туралы
Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сарысу аудандық мәслихатының «Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4634 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларында:
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
Мүгедектігі бар адамдарды, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарды, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.