О внесении изменения в решение Сарысуского районного маслихата от 15 июня 2020 года №75-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарысускому району» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 болып тіркелген, 2020 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларындағы: 10-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.