О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 февраля 2021 года № ҚР ДСМ-18 «Об утверждении правил использования единовременных пенсионных выплат на лечение» Қолданыста
Басқа 0
«Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қағидалардың 11-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің, 17-тармағының екінші бөлігінің, 19-1-тармағының, 20-тармағының екінші және үшінші бөліктерінің, 21-тармағының үшінші бөлігінің және 22-1-тармағының ережелері 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін қол қойылған Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына 1-қосымшада:
реттік нөмірлері 2 және 7-жолдар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі