О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 15 декабря 2021 года № 497-п «Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 497-п
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 497-п бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 162620 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары» деген 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 497-п
бұйрығымен бекітілген
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Арнайы автокөлік құралының атауы
Арнайы автокөлік құралының функционалдық мақсаты
Арнайы автокөлік құралдарын пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер
Арнайы автокөлік құралдарының саны
Айына 1 автомобильдің жүру лимиті (километр)
1
2
3
4
5
Жедел
Жануарлар дүниесін, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және ерекше экологиялық ғылыми, тарихи-мәдени және рекрециялық құндылықты білдіретін мемлекеттік табиғи-қорық объектілерін қорғау, молайту және пайдалану саласында бақылауды жүзеге асыру үшін
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
4
2600
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары, оның ішінде:
123
2600
Ақмола облысы
12
2600
Ақтөбе облысы
6
2600
Алматы облысы
13
2600
Атырау облысы
4
2600
Шығыс Қазақстан облысы
8
2600
Жамбыл облысы
6
2600
Батыс Қазақстан облысы
6
2600
Қызылорда облысы
5
2600
Қарағанды облысы
9
2600
Қостанай облысы
9
2600
Маңғыстау облысы
5
2600
Павлодар облысы
6
2600
Солтүстік Қазақстан облысы
10
2600
Түркістан облысы
6
2600
Абай облысы
6
2600
Ұлытау облысы
6
2600
Жетісу облысы
6
2600
Ескертпе:
арнайы көлік құралы – жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бақылауды, браконьерлікпен күресті жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы;
мемлекеттік мекеме басшысының шешімі бойынша жедел ден қоюды талап ететін халықтың өмірі үшін қауіпті жағдай туындаған кезде, оны тіркеу және болдырмау үшін, төтенше жағдайларда (су тасқыны, орман өрттері, техногендік және экологиялық апаттар және т. б.), сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер мен браконьерлікпен күрес кезінде айына 1 автомобильдің жүру лимиті 4500 километрге дейін ұлғайтылуы мүмкін;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 4500 текше сантиметрден аспауы тиіс.