О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 15 ноября 2021 года № 518 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление ветеринарии акимата Костанайской области» Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 518 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 518 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Міндеттер:
1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.