О внесении дополнений в постановление акимата города Рудного от 15 июня 2022 года № 811 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Рудненский городской отдел физической культуры и спорта» акимата города Рудного Қолданыста
Басқа 0
Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы No 811 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 811 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) бюджет қаражаты көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
18) мемлекеттiк спорттық тапсырысты берушiлердiң меншiк нысандарына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтерi мен түрлерiне қарамастан, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттiк спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етедi;
19) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және мақсатты игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда қамтамасыз етеді».
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда аталған Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.