О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 211 «О создании специальной экономической зоны «Alatau» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда Алматы облысының Қонаев және Алатау қалаларының, Талғар және Іле аудандарының аумағында орналасқан. АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады. АЭА аумағы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, оның ішінде әуежайлардың қызметін дамытуға арналған аумақты қоса алғанда, 98982,98 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»; «Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекараcының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша «Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша «Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары «Alatau» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 98982,98 га ___________________
Басқа 2. «Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары Р/с № Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер Өлшем бірлігі* Базалық кезең (2025 жыл) 2031 жылға қарай қол жеткізу 2036 жылға қарай қол жеткізу 2041 жылға қарай қол жеткізу 2047 жылға қарай қол жеткізу нысаналы индикатор нысаналы индикатор нысаналы индикатор нысаналы индикатор 1 2 3 4 5 6 7 9 1 Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: млрд теңге 10 174,1 813,7 1026,84 1666,64 1.1 шетелдік инвестициялар көлемі млрд теңге 0 79,70 308,64 582,73 1028,32 1.2 отандық инвестициялар көлемі млрд теңге 10 94,40 505,06 444,11 638,32 1 2 3 4 5 6 7 9 2 АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі млрд теңге 0 435 842 1172 1759 3 Қатысушылар саны (компаниялар) бірл. 4 44 50 52 53 4 АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны адам 120 2800 5853 10589 17366 5 АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі % 0 34 41 63 91 * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген. ____________________