О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 211 «О создании специальной экономической зоны «G4 City» и от 6 декабря 2023 года № 1087 «Об утверждении Комплексного плана социально-экономического развития города Қонаев Алматинской области на 2023 – 2027 годы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «G4 City» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 және «Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «G4 City» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2048 жылға дейінгі кезеңге «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Alatau» АЭА) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Alatau» АЭА туралы ереже; 2) «Alatau» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін».»; көрсетілген қаулымен бекітілген «G4 City» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «G4 City» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары»;
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы – Қонаев) тасжолының бойында, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан. АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 96560 мың гектарды құрайды.
Тармақ 2
2. АЭА:
Тармақша 1
1) өңірдің дамуына жаңа серпін беретін жобаны іске асыру шеңберінде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) келуші қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті заманауи жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік, медициналық, білім беру, мәдени-демалыс инфрақұрылымын жедел дамыту, Алматы облысында қызметтер көрсетудің сапасы жағынан жаңа деңгейін қалыптастыру мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 4
4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
Тарау 2. 2. «Alatau» арнайы экономикалық аймағын басқару
2. «Alatau» арнайы экономикалық аймағын басқару
Тармақ 5
5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. «Alatau» арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу
3. «Alatau» арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу
Тармақ 6
6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4. Кедендік реттеу
4. Кедендік реттеу
Тармақ 7
7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Тармақ 8
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылған болуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тарау 5. 5. Шетел азаматтарының «Alatau» арнайы экономикалық аймағының аумағында болуының тәртібі
5. Шетел азаматтарының «Alatau» арнайы экономикалық аймағының аумағында болуының тәртібі
Тармақ 9
9. АЭА аумағында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіруінің, одан кетуінің, транзитпен өтуінің және болуының Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген тәртібі қолданылады.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.
Тармақ 12
12. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Құрылу мерзімінің аяқталуына байланысты АЭА таратылған кезде Алматы облысының әкімдігі:
Тармақша 1
1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы таратылуы, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;
Тармақша 2
2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.
Тармақ 14
14. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып, алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға тиіс.
Тармақ 15
15. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. _____________________________
Басқа 1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
«Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша «Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары «Alatau» АЭА аумағы Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы – Қонаев) тасжолының бойында 96560 гектар аумақта орналасатын болады. __________________________