О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 279 «Об утверждении Правил вынесения решений об ограничении выписки счетов-фактур в электронной форме в информационной системе электронных счетов-фактур и об отмене такого ограничения, а также форм таких решений» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 279 бұйрығына өзгерту енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32088 болып тіркелген) мынадай өзгерту енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 29 ақпандағы № 116 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 279 бұйрығына 1-қосымша Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактураларды жазып берілуін шектеу туралы және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 120-1-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электронды нысанда шот-фактуралардың (бұдан әрі – ЭШФ) жазып берілуін шектеу (бұдан әрі – Шектеулер туралы шешім) және осындай шектеуді жою туралы шешімдерді (бұдан әрі – Шектеуді жою туралы шешім) шығару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. ЭШФ «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) сәйкес жазып беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім шығару тәртібі
2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім шығару тәртібі
Тармақ 3
3. Шектеу туралы шешімді Салық кодексінің 96-бабында белгіленген тәртіппен, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа бекітілген 2-қосымша бойынша ЭШФ АЖ электронды нысанында салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жердегі МКО шығарады.
Тарау 3. 3-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешім шығару тәртібі
3-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешім шығару тәртібі
Тармақ 4
4. Шектеуді жою туралы шешімді Хабарлама орындалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген нысан бойынша ЭШФ АЖ электронды нысанда салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша МКО шығарады.
Тармақ 5
5. Шектеу туралы шешім және шектеуді жою туралы шешім, шешім қабылданған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
Тармақша 2
2) электрондық тәсілмен «электрондық үкімет» веб-порталындағы веб-қосымшаға және (немесе) пайдаланушының жеке кабинетіне және (немесе) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне;
Тармақша 3
3) салық төлеушіге қол қойғызып жіберіледі.