О признании утратившим силу постановления акимата Павлодарской области от 15 ноября 2023 года № 281/4 «Об определении Порядка деятельности Экспертного совета и положения о реализации бюджета народного участия» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 қарашадағы «Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережені айқындау туралы» № 281/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 қарашадағы «Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережені айқындау туралы» № 281/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415-14 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.