О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2023 года № 474 «Об установлении норм и лимитов, обеспечивающих финансовую устойчивость акционерного общества «Государственный фонд социального страхования» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 474 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 474 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «есепті айдан кейінгі айдың басындағы операциялық ақша қалдығының ай сайынғы ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік төлемдер сомасының 0,5 еселенген мөлшерінде есепті айдың алдындағы ай үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған инвестициялық шотта қамтамасыз етіледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.