О внесении изменений в решение маслихата района Биржан сал от 15 августа 2024 года № С-14/5 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Биржан сал» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 «Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 шешіміне (нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8822-03 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Біржан сал ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары
Біржан сал ауданының мәслихаты 2026 жылғы 28 шілдедегі № С-39/2 Шешіміне қосымша Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 шешіміне қосымша Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Біржан сал ауданында тұратындарға: ағымдағы және жинақтау жарналарын; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес есептеледі.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
Тармақ 5
5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларда белгіленген тәртіппен тоқсанына бір рет жүгінеді. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не дәлелді жауап беру мерзімі Қағидалардың 13 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп -ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.