О внесении изменений в решение Хромтауского районного маслихата от 15 апреля 2024 года № 173 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Хромтауском районе» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Хромтау аудандық мәслихатының «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8573-04 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы»; көрсетілген шешіммен айқындалған Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшерінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері»; 1-тармақтың 7-абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне шекті жол берілетін шығыстардың үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.»; 2-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.»; 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.