О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 декабря 2025 года № 1034 «Об утверждении Правил ведения личных дел, содержащих персональные данные сотрудника органов внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №1034 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 1034 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кандидат ішкі істер органдарына, курсант ведомстволық білім беру ұйымдарына күндізгі оқуға түскен кезде кадр қызметі жеке ісін қалыптастырады, оған зерделеудің барлық материалдары және одан әрі құқық қорғау қызметіндегі еңбек қызметі мен өтілінің мәліметтері және құқық қорғау қызметіне кіруге, оны өткеруге және құқық қорғау қызметінен шығуға байланысты құқық қорғау қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де мәліметтер қоса тіркеледі»; 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) қызметкердің дербес деректерін оларды заңсыз пайдаланудан немесе жоғалтудан қорғау Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі;».
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығына (О.С. Мырзабеков) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.