О внесении изменений и дополнения в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 15 июля 2025 года № 173-НҚ «Об утверждении Регламента о безопасности гидротехнических сооружений» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 шiлдедегi № 173-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 шiлдедегi № 173-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36459 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентте: 1-тармақ келесі мазмұнда жазылсын: «1. Осы Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламент (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 70-бабы 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және гидротехникалық құрылысжайлардың (бұдан әрі – ГТҚ) қауіптілігі ықтимал нысандарға жататын түрлерін, сондай-ақ оларды жобалау, салу, пайдалану, реконструкциялау, консервациялау немесе жою кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын айқындайды.»; 2-тармақ келесі мазмұнда жазылсын: «2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) авариялық жағдай – жоба бойынша қарастырылмаған сыртқы әсерлердің нәтижесінде, құрылысжай материалдарының және оның іргетас топырағы қасиеттерінің өзгеруі не болмаса гидромеханикалық жабдықтың сенімділігінің төмендеуі нәтижесінде құрылысжайдың немесе оның іргетасының жұмысқа жарамдылығының төмендеуі, сондай-ақ техникалық себептер бойынша да, құрылысжайлардың тұстамасынан төмендегі суағарлардың рұқсат етілген су режимі шарттарымен байланысты шектеулерге байланысты да су жіберетін құрылысжайлардың өткізу қабілетінің төмендеуі нәтижесінде ГТҚ авариясының туындау қаупі; 2) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш ГТҚ; 3) ГТҚ авариясы – ГТҚ-ның толық немесе ішінара бұзылуы, жабдықтың істен шығуы, соның салдарынан құрылысжай жұмысқа жарамсыз болып қалуы және төтенше жағдайдың туындауы мүмкін; 4) ГТҚ-ны зерттеп қарау – осы құрылысжайлардың сенімділігі мен қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша ГТҚ техникалық жай-күйі және жұмысқа жарамдылығын бағалау бойынша, және де қажетті жұмыстар тізбесін анықтайтын іс-шаралар кешені; 5) ГТҚ қауіпсіздігі туралы декларация – ГТҚ-ның қауіпсіздігі негізделетін, оның қауіпсіздік өлшемшарттарына сәйкестігі анықталатын және ГТҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар тізбесі айқындалатын негізгі құжат; 6) ГТҚ класы – гидротехникалық құрылысжайларды жобалау нормалары мен ережелеріне сәйкес белгіленетін, оған байланысты ГТҚ сенімділігіне қойылатын талаптар анықталатын көрсеткіш; 7) ГТҚ-ны консервациялау – су режимін реттемей, су қоймасындағы судың деңгейін тиісті түрде төмендете отырып, транзиттік ағындарды өткізу жағдайында ГТҚ-ны уақытша сақтау мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалатын жобалық және құрылыс жұмыстар кешені; 8) жою – су тасқынын өткізуге кедергі келтірмейтін, табиғи су режимі мен суағардың арнасын қалпына келтіру және ГТҚ-ны толық бұзу мақсатында орындалатын жобалық және құрылыс жұмыстарының кешені; 9) К – ГТҚ-ның техникалық жай-күйін мониторингтеу процесінде өлшенген өлшемшарттардың техникалық көрсеткіштерінің диагностикалық мәні; 10) К1 – ГТҚ және оның негіздерінің орнықтылығы, механикалық және сүзгілік беріктігі, сондай-ақ су ағызу және су өткізу құрылысжайларының өткізу қабілеті қалыпты пайдалану шарттарына сәйкес келетін өлшемшарттық мәннің бақыланатын деңгейі; 11) К2 – жобалық режимдерде ГТҚ пайдалану артық болған кезде жол берілмейтін өлшемшарттық мәннің бақыланатын деңгейі.»; 2-тараудың атауы келесі мазмұнда жазылсын: «2-тарау. Қауіптілігі ықтимал деп танылған гидротехникалық құрылысжайлардың түрлері»; 4, 5, 6 және 7-тармақтар келесі редакцияда жазылсын: «4. I сыныптағы ГТҚ-ға: 1) биіктігі отыз метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі жүз миллион текше метрден асатын бөгеттер; 2) өткізу қабілеті секундына жүз текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастау құрылысжайлары. 5. II сыныптағы ГТҚ-ға: 1) биіктігі жиырма метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі елу миллион текше метрден асатын бөгеттер; 2) өткізу қабілеті секундына елу текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастау құрылысжайлары. 6. III сыныптағы ГТҚ-ға: 1) биіктігі он метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі жиырма миллион текше метрден асатын бөгеттер; 2) өткізу қабілеті секундына жиырма текше метрден асатын су тораптары немесе су тастау құрылысжайлары жатады. 7. IV сыныптағы ГТҚ-ға: 1) биіктігі бес метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі он миллион текше метрден асатын бөгеттер; 2) өткізу қабілеті секундына он текше метрге дейінгі гидротораптар немесе су тастау құрылысжайлары..»; келесі мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіптілік тудыратын, сондай-ақ қауіптілігі ықтимал болып табылатын ГТҚ-ға I, II және III сыныптағы ГТҚ-лар, сондай-ақ олардың бұзылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, жеке және заңды тұлғаларға материалдық залал келтіруге әкеп соғуы мүмкін IV сыныптағы ГТҚ-лар жатады.»; 3-тараудың атауы келесі мазмұнда жазылсын: «3-тарау. Қауіптілігі ықтимал деп танылған гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»; 16-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «16. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіптілік тудыратын, сондай-ақ қауіптілігі ықтимал болып табылатын ГТҚ-дың қауіпсіз жай-күйін пайдалану барысында қамтамасыз ету меншік иесімен (иеленушісімен) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 156-НҚ бұйрығымен бекітілген Гидротехникалық құрылысжайларға көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36350 болып тіркелген) сәйкес көпфакторлы зерттеп-қарау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі