О внесении изменения в совместное постановление акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 15 мая 2025 года № 175 и решение Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 15 мая 2025 года № 27-18 «О льготном проезде отдельных категорий пассажиров Бурлинского района для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)» Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 175 және Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 27-18 «Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 175 және Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 27-18 «Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7519-07 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) мектеп тарифі – 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балаларға;».
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.