Об организации и проведении массовой иммунизации населения в возрасте от 15 до 25 лет против кори и краснухи в Мангистауской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысында қызылша мен қызамыққа қарсы 15-тен 25 жас аралығындағы адамдарға жаппай иммундауды ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы" 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің "Қазақстан Республикасында 15-тен 25 жасқа дейінгі тұрғындарды қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундауды ұйымдастыру және жүргізу туралы" 2005 жылғы 22 қаңтардағы № 11-ө өкімін орындау үшін, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаменті (А.Г.Төлеғалиева), Маңғыстау облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Б.Б.Өтесінов), Маңғыстау облысының ішкі істер басқармасы (С.Г. Шахманов келісім бойынша), Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Б.А.Қалиев келісім бойынша), Маңғыстау облысының әділет Департаменті (М.О.Оңғаров келісім бойынша), Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті (Б.К.Ошамбаев келісім бойынша) 2005 жылдың 21 ақпанынан 7 наурыз аралығында қызылша мен қызамыққа қарсы 15-25 жас аралығындағы облыс адамдарына жаппай иммундауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде қажетті шаралар алсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес құрамда, ұлттық иммундау науқанына басшылық жасау мен үйлестіру үшін жұмыс тобы (бұдан әрі - ҰИН) құрылсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаменті (А.Г. Төлеғалиева) ҰИН жедел жоспарлау мен өткізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың медициналық мекемелер басшылары қатарынан ұйымдастыру-жедел кеңесін құрсын.
Тармақ 4
4. Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры (Х.Х.Нұрғалиева) дәрі-дәрмектер, шприцтер, жанар жағар май материалдарын сатып алуға, медицина қызметкерлеріне ақы төлеуге және санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуге арнап қаржы қаражат бөлсін.
Тармақ 5
5. Облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті (Б.Б.Өтесінов): қызылша мен қызамыққа қарсы иммундауға жататын адамдар шекті құрамының санын нақтыласын; облыстық емдеу-алдын алу ұйымдарын қызылша мен қызамыққа қарсы вакцинамен, қауіпсіз иммундау үшін бір жолғы өзін өзі оқшаулайтын шприцтермен қамтамасыз етсін; емдеу алдын алу ұйымдарының вакциналарды тасымалдау, сақтау, пайдалану кезіндегі ережені сақтауына бақылауды, бір жолғы шприцтердің жиналуы мен қайта пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Маңғыстау облысының білім департаменті (Қ.Б.Жұмашев): иммундауды жергілікті жердегі орта мектеп, жоғары және орта арнайы оқу орындарының оқушыларын тарта отырып өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық "Маңғыстау" (М.Ө.Қосымбай), "Огни Мангистау" (Т.А.Долматов) газеттерінің бас редакторлары, "Қазақстан" телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалы (И.К.Жұбаев келісім бойынша) осы іс-шараларды облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Тұрысбековке жүктелсін.
Басқа 9
Облыс әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 16 қаулысына қосымша Ұлттық иммундау науқанына басшылық жасау және үйлестіру үшін жұмыс тобының құрамы Тұрысбеков Мұрат Қуанышбекұлы   - Облыс әкімінің орынбасары,                                   жұмыс тобының төрағасы Өтесінов Бекмұрат Бұхарұлы      - Маңғыстау облысының                                   мемлекеттік санитарлық-                                   эпидемиологиялық қадағалау                                   департаментінің директоры                                   жұмыс тобы төрағасының орынбасары Жұмыс тобының мүшелері Төлеғалиева Ажар Гинаятқызы     - Маңғыстау облысының денсаулық                                   сақтау департаментінің директоры Рсымбетова Райхан Сағынқызы     - Маңғыстау облысының мемлекеттік                                   санитарлық-эпидемиологиялық                                   қадағалау департаментінің                                   директорының орынбасары Қалиев Бисенбай Абдұллаұлы      - Маңғыстау облысы бойынша қорғаныс                                   iстерi жөнiндегi департаментінің                                    бастығы (келісім бойынша) Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы     - Маңғыстау облысының білім                                   департаментінің директоры                                   міндетін атқарушы Қорғанбекова Камшат Алпысбайқызы- Ақтау қалалық емханасының бас                                   дәрігері