Об организации и проведении массовой иммунизации населения в возрасте от 15 до 25 лет против кори и краснухи Атырауской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысында 15-тен 25 жасқа дейінгі тұрғындарды қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундауды ұйымдастыру және жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 22 қаңтардағы №11-ө «Қазақстан Республикасында 15-тен 25 жасқа дейінгі тұрғындарды қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундауды ұйымдастыру және жүргізу туралы» өкімін жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы денсаулық сақтау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері, Атырау облысы бойынша Әділет департаменті /келісім бойынша/, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті /келісім бойынша/, Ішкі істер басқармасы /келісім бойынша/, Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті /келісім бойынша/ 2005 жылғы 21 ақпаннан бастап 7 наурызға дейінгі мерзімде 15-тен 25 жасқа дейінгі тұрғындарды қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундауды ұйымдастырсын және жүргізсін.
Тармақ 2
2. Ұлттық иммундау науқанын өткізу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. тырау облысы денсаулық сақтау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін және 2005 жылғы 20 наурызға дейін облыс әкімиятына 15-тен 25 жасқа дейінгі тұрғындарды қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундауды жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2005 жылғы «ІІ» ақпандағы №56 қаулысына қосымша Ұлттық иммундау науқанын өткізу жөніндегі облыстық үйлестіру Кеңесінің құрамы Мүрсәлиева Тасқира Қабиқызы - облыс әкімінің орынбасары, Кеңес төрайымы Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы- мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры, Кеңес төрайымының орынбасары; Кеңес мүшелері: Балғаниязов Серік Юсупұлы - Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Зульярова Зульмира Баратқызы- Атырау облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары; Қадырханов Бахтияр Қайымұлы- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырауболысы бойынша департаменті бастығының орынбасары; Қаженбаева Шәрбану Есетқызы - денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары; Таубаева Гүлжамал Демеуқызы - мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім бастығы Атырау облыстық ішкі істер басқармасының бастығы - М.Әміров Атырау облыстық әділет департаменті бастығы - М.Нұғыманов Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы - С.Рысгалиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы - А.Исабеков