О внесении дополнений в решение 15 очередной сессии районного маслихата № 15/164 от 13 января 2005 года «Об установлении стоимости разовых талонов и размеров ставок фиксированного суммарного налога с единиц объектов налогообложения» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 13 қаңтардағы XV кезекті сессиясының «Бір жолдық талондар құнын және салық салу объекті бөлігінен белгіленген салық жиынтығының ставкалар мөлшерлерін белгілеу туралы» № 15/164 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 258 бабының 4 тармағын, 373 бабының 2 тармағын, 391-397 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 «Қазақстан Республикасында өндірілген, Қазақстан Республикасының кеден аумағына шығарылатын, Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акциз үстіндегі таурларға арналған акциздердің мөлшерлемелері және ойын бизнесі туралы» Қаулысын басшылыққа алып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «салық салу объекті бөлінген» кейінгі сөздерден соң, актінің атауы келесі мазмұнмен толықтырылсын: «ойын бизнесіне арналған акциздер».
Тармақ 2
2. Аудандық Мәслихаттың 2005 жылңы 13 қаңтардағы «Бір жолдық талондар құнын және салық салу объекті бөлігінен белгіленген салық жиынтығының ставкалар мөлшерлерін белгілеу туралы» № 15/164 шешімінің, № 4 қосымшасы (қосымшаға сәйкес) мынадай редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауданы бойынша салық комитетінің төрағасына (А.О.Орынбеков) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді. «КЕЛІСІЛДІ» Абай ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы А.Орынбеков 09.06.05
Басқа 1. Абай ауданында орналасқан, 2005 жылға арналған салық салу объекті бөлігінен белгіленген салық жиынтығы төлеушілері бойынша акциз ставкаларының мөлшерлері
2005 жылғы 09 маусымдағы сессиясының № 19/198 шешіміне № 1 қосымша Абай ауданында орналасқан, 2005 жылға арналған салық салу объекті бөлігінен белгіленген салық жиынтығы төлеушілері бойынша акциз ставкаларының мөлшерлері № Көрсетілетін қызметтер Акциз салығымен салық салу объектісі бір жылғы айлық есеп көрсеткішіндері бір объектіге арналған акциз мөлшерлемесі 1 Ойын бизнесі саласында Ақылы ұтыспен ойын автоматы 5 2 Ойын мекемесі өз өкілдері арқылы қарсы жақ ретінде қатысатын, құмар ойындарын жүргізуге арналған ойын үстелі 130 3 Ойын мекемесі өз өкілдері арқылы ұйымдастырушы (немесе) байқаушы ретінде қатысатын, құмар өйындарын өткізуге арналған ойын үстелі 130 4 Тотализатор кассасы 80 5 Букмекерлік кеңсе кассасы 20