О ликвидации государственных учреждений "Учреждение УЛ-154/4", "Учреждение ЕЦ-166/13" и создании государственных учреждений "Центр реабилитации 1", "Центр реабилитации 2" Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "УЛ-154/4 мекемесі", "ЕЦ-166/13 мекемесі" мемлекеттік мекемелерін тарату және "Оңалту орталығы 1", "Оңалту орталығы 2" мемлекеттік мекемелерін құру туралы
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "УЛ-154/4 мекемесі" және "ЕЦ-166/13 мекемесі" мемлекеттік мекемелері таратылсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Оңалту орталығы 1" және Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Оңалту орталығы 2" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - оңалту орталықтары) құрылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) оңалту орталықтарының жарғыларын бекітуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, оңалту орталықтарына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын мемлекеттік мекемелерінің мүлкін беруді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Оңалту орталықтары қызметінің негізгі мәні бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға босатылғаннан кейінгі алты ай ішінде еңбекке және тұрмыстық орналасуда жәрдемдесу, құқықтық және психологиялық көмек көрсету болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Оңалту орталықтарын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының, ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлімде:
реттік нөмірлері 7, 76-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 101 және 102-жолдармен толықтырылсын:
"101. Оңалту орталығы 1
102. Оңалту орталығы 2";
Тармақша 2
2) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.