О создании государственного учреждения "Учреждение УГ-157/11" Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «УГ-157/11» мемлекеттік мекемесін құру туралы Бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердің жазаларын өтеу жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «УГ-157/11 мекемесі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) - бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердің жазаларын өтеуге арналған түзеу колониясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекемені ұстау шығыстарын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 104-жолмен толықтырылсын: «104. «УГ-157/11 мекемесі».
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.