О внесении изменений и дополнений в стандарты бухгалтерского учета 16 "Учет расходов на пенсионное обеспечение" и 19 "Учет и составление отчетности негосударственным добровольным пенсионным фондом", утвержденные постановлением Национальной комиссии Республики Казахстан по бухгалтерскому учету от 15 ноября 1996 года № 5 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекіткен 16 "Зейнетақымен қамсыздандыру шығындарының есебі" және 19 "Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорының есеп беруді№ жасауы және есебі" бухгалтерлік есеп стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. Бухгалтерлік есептің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының күші бар заңдарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекіткен 16 "Зейнетақымен қамсыздандыру шығындарының есебі" бухгалтерлік есеп стандартына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2, 6-тармақтарда "мемлекеттік емес ерікті" деген сөздерді "жинақтаушы" деген сөзімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 4-тармақта "жыл сайынғы табыс түрінде немесе бір жолғы төленетін сома түрінде" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекіткен 19 "Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорының есеп беруді жасауы және есебі" бухгалтерлік есеп стандартына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 19 БЕС атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беруді жасауы және есебі";
Тармақша 2
2) 1-тармақта "мемлекеттік емес ерікті" деген сөздері "жинақтаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Осы стандарт салымшылардың жарналары және инвестициялық қызметтен түскен табыс есебінен жинақтаушы зейнетақы қорын құру жөніндегі шарттарды қарастырады және мемлекеттік жүйе шеңберіндегі әлеуметтік қамсыздандыру шарттарын қарастырмайды".
Тармақша 4
4) 3-тармақта "жыл сайынғы табыс түрінде немесе бір жолғы төленетін сома түрінде" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 5
5) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қор меншікті қаражаттар (онан әрі - құрылтайшылар және акционерлер қоры) және зейнетақы жиынтықтары (онан әрі - алушы қоры) бойынша бөлек есеп жүргізеді;
Тармақша 6
6) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қор қаржылық есеп беруді құрылтайшылар және акционерлер қоры бойынша: бухгалтерлік баланс, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп беру, ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру, ал алушы қоры бөлігінде - таза активтер туралы есеп беру, таза активтердегі өзгерістер туралы есеп беруді ұсынады. Қаржылық есеп беруге түсіндірме жазбада ақпарат құрылтайшылар және акционерлер қоры бойынша қалай ашылса, алушылар қоры бойынша да солай ашылады.";
Тармақша 7
7) 7-тармақта "құрылтайшылар" деген сөзден кейін "және акционерлер" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 8
8) 8-тармақта "алушылар қорының инвестициялары" деген сөздерінен кейін "облигациялардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 9
9) 9-тармақтың екінші азатжолында: бірінші жол мынадай редакцияда жазылсын: "осы бағдарлама таратылатын салымшылардың тізімі"; екінші жолда "зейнетақы алатын салымшылар саны және өзге салымшылар саны" деген сөздер "қор төлейтін зейнетақы төлемдерін алушыларының саны" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші жолда "салымшылармен кепілдік берілген" деген сөздер "алушыларға төленетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 10
10) 10-тармақ алып тасталсын;
Тармақша 11
11) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Таза активтер туралы есеп беру мыналарды ашып көрсету қажет: инвестициялау үшін ақшаның болуы; алуға арналған есептер; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары, оның ішінде: мемлекеттік, мемлекеттік емес; халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары; банктердегі депозиттер; басқа инвестициялар; қордың міндеттемелері, оның ішінде: алушылардың төлем талаптары, құрылтайшылардың және акционерлердің қоры алдындағы борышы, табыстар бойынша төленетін салықтар, басқа міндеттемелер; қордың төлем үшін қолда бар таза активі.";
Тармақша 12
12) 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Таза активтердегі өзгерістер туралы есеп беру үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мыналар ашылып көрсетілу қажет: дивидендтерден және сыйақы (мүдде) түріндегі табыстар: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарынан, оның ішінде: мемлекеттік, мемлекеттік емес; халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарынан; банктердегі депозиттерден; инвестициялардың шығып қалуы және инвестиция құнының өзгеруінен түскен табыс (шығын); басқа табыстар; Екінші бөлімде мыналар ашылып көрсетілу қажет: әкімшілік шығындар; басқа шығындар. Үшінші бөлімде мыналар ашылып көрсетілу қажет: салымшылар жарналары; зейнетақы төлемдері (оның ішінде: еңбекке жарамсыздығының басталған кезінде, зейнеткер жас шамасына жету кезінде және тағы басқалар); зейнетақы жиынтықтарының бір қордан өзгелерге, сондай-ақ өзгелерден біріншісіне аударылуы; жыл басындағы таза актив; жыл аяғындағы таза актив.".
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды бірінші қаржы вице-Министрі Ж.Д. Ертілесоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізіледі.